Шешенстан тумасы, 24 жастағы Эльза Солтаева күйеуінен қашып, Қазақстанға келіп, видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Видео үндеуді ресейлік құқық қорғаушы Светлана Анохина жариялады. Ол Эльза Солтаева қазіргі уақытта қауіпсіз жерде екенін айтты.
— Баршаңызға алғыс айтқым келеді. Мені уайымдап, қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет. Мен қауіпсіз жерде жүрмін, уайымдамаңыздар. Бәрі жақсы. Өздеріңіз көріп тұрғандай, аман-есенмін, денсаулығым да жақсы, — деді ол.
Сондай-ақ, бұл жағдайға құқық қорғаушы Светлана Анохина да пікір білдіріп, қолдау көрсеткен жандарға алғысын айтты.
— Қазір Эльза қауіпсіз жерде. Қосымша мәлімет бере алмаймыз, бірақ ең бастысы – ол ақыры тынығып, тамақтанып, өз-өзіне келе бастады. Алда әлі біраз жұмыс күтіп тұр, бірақ бастысы сәл де болсын демала алады, – деді Анохина.
БҰҒАН ДЕЙІН
Эльза Солтаева 3 ақпанда үйінен қашып кеткен. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны екенін мәлімдеген болатын. Жақындары оның соңынан Қазақстанға келіп, “әңгімелесуге” көндірмек болған. 5 ақпанда Атырау облысының полициясы оны туыстарының өтініші бойынша ұстаған, алайда кейінірек босатып жіберді.
Солтаева құқық қорғау органдары оны отбасына тапсырса, “тірі қалмаймын” деп қауіптеніп, қорқып отыр.