×
499.11
521.12
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.11
521.12
5.58

Азия ойындарындағы жанжал: Қазақстан қоржынына қола емес күміс түсті

Азия ойындарындағы жанжал: Қазақстан қоржынына қола емес күміс түсті
Фото: министрліктен

Константин Борцов - IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бұған дейін ол қола жүлде иеленген еді. Туризм және спорт министрлігі себебін түсінідірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕКІНШІ ОРЫН

Шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринт жарысына қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Константин Борцов 2:58.28 секунд уақыт көрсеткішімен екінші орынға ие болды. 

Себебі мұның алдында күміс жүлдегер атанған Жапония спортшысының ереже бұзып, жарыстан шеттетілді. Осылайша отандасымызға күміс жүлде табысталды.

ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕ

Бұған дейін Қазақстан қоржынына Азия ойындарының екінші медалі түскен болатын. Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған Евгений Кошкин (9.47) күміс жүлдені иеленді. 

Тағы бір отандасымыз Алтай Жәрдембекұлы 4-ші орыннан көрінсе, Артур Ғалиев 12-ші орын, Никита Важенин 15-ші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, Харбиндегі Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан биатлон, керлинг, ски-альпинизм, хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, фристайл-акробатика, тау шаңғысы және мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді.