×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Алматыда уақыт белдеуіне наразылық білдірген суретші Асхат Ахмедияров ұсталды

Алматыда уақыт белдеуіне наразылық білдірген суретші Асхат Ахмедияров ұсталды
Фото: Facebook

Алматыда бірыңғай уақыт белдеуіне наразылық білдірген суретші Асхат Ахмедияровты полиция ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы “Азаттық” жазды. 

МӘН-ЖАЙ

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның сөзінше, суретшіні Медеу аудандық полиция бөліміне алып кеткен. 

Төреғожина Facebook-те тікелей эфирге шығып, оқиға орнынан бірнеше видео жариялады. Оған қарағанда, Ахмедияров күннің суреті мен "қайда?" деген жазуы бар туды алып, Әл-Фараби даңғылы бойында самокатпен жүрген. Видеода суретші бұл акцияны "Күн қайда?" деп атап, бірыңғай уақыт белдеуіне наразылық білдіретінін айтып тұр.

"Мен, суретші Асхат Ахмедияров Әл-Фараби даңғылына осы шығармашылық сөзіммен шықтым. Мұнда күн тұр және қайда деген сөз жазылған. Бұл қоғам талабына қарамай, уақыт [белдеуін] заңсыз ауыстырумен байланысты. Билік бізден күнді ұрлап алды. Мен осы ту арқылы және шеруім арқылы осыны көрсетіп тұрмын" деді ол видеода.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның Азаттыққа хабарлауынша, полиция оны Медеу аудандық бөлімшесіне алып кеткен.

АСХАТ АХМЕДИЯРОВ

Суретші Асхат Ахмедияров елдегі түрлі оқиғаларға байланысты азаматтық ұстанымын білдіріп, наразылық акцияларын өткізіп тұратын.