×
510.49
527.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.49
527.29
5.27

Қазақ зерттеушісі далада жайылған жылқы майының күтпеген пайдасы туралы айтты

Қазақ зерттеушісі далада жайылған жылқы майының күтпеген пайдасы туралы айтты
eldala.kz

Қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, сценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбаева далада жайылып өскен жылқының пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЫЛҚЫ МАЙЫНЫҢ ЗӘЙТҮН МАЙЫНАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

Зерттеуші далада жайылған жылқы майының қазіргі таңда трендке айналған зәйтүн майынан қандай артықшылығы барын айтты.

- Жылқы майының зәйтүн майынан несі кем? Себебі қазір жан-жақтан “зәйтүн майында Омега 3, Омега 6 бар” деп жатады. Бірақ далада жайылған жылқының майында дәруменнің бәрі бар екен, дейді Наурызбаева. 

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ

Бұл жайлы Саха якуттары зерттеу жасаған көрінеді. 

- Мен Саха якуттарына бас иемін. Ресейдің қоластында жүріп, өзінің руханиятын зерттеп, сақтай жүрген ұлт. Біз жылқының еті пайдалы, ол тез қорытылады деп жиі айта береміз. Ал Саха якут ғалымдары оны ғылыми түрде зерттеген ғой. Сонда олар мынаны дәлелдеген: қорада бордақыланған жылқы емес, далада жайылып жүрген жылқыда Омега 3 секілді дәрумендер көп. Мұны ғалымдар толық, ғылыми мақала ретінде зерттеген.

Ал Саха якуттарының жылқысы минус 50-60 градусқа дейін суықта тебініп жүре береді. Ал біз көбіне бидай жеп өскен жылқыны соғым ретінде сатып алып жатамыз. Ал негізі далада жайылып, дала шөбін еркін отаған жылқының майы да, еті де әлдеқайда пайдалы, дейді зерттеуші. 

СОҒЫМ МАУСЫМЫ

Айта кетейік, қазақта соғымның төрт маусымы болады - қыстық, көктемдік, жаздық және күздік. Соғымға көбіне түйе, жылқы, қой, сиыр, өгіз сияқты малдарды сояды, ешкіні аса соймайды.