×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Алматылықтар ақпанда коммуналдық қызметке не үшін көп төлейді

Алматылықтар ақпанда коммуналдық қызметке не үшін көп төлейді
Ulysmedia.kz коллажы

"Алматы жылу жүйесі" жаңа жылыту тарифтерін қалай есептейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШАҒЫМ

Алматы тұрғындары жылу тарифтерінің күрт қымбаттағанына шағымданғаннан кейін, "Алматы жылу жүйесі" ЖШС жаңа тарифтерді қалай есептейтінін түсіндірді.

КОМПАНИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Компанияның мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу ақысы екі кезеңге бөлінді:

  • 31 желтоқсанға дейін – ескі тариф бойынша
  • 1 қаңтардан бастап – өзгертілген тарифпен есептеледі.

Бұл екі кезеңнің төлемі “Алсеко” түбіртегінде бөлек көрсетіледі.

ЖЫЛУ ТӨЛЕМІ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ

Алматылықтар жалпыүйлік есептеу құралдарына сәйкес, пәтер аумағына қарай топтарға бөлініп төлем жасайды:

  • 1-топ – жылыту ауданы 100 м² дейін.
  • 2-топ – 100-ден 200 м² дейін.
  • 3-топ – 200 м² жоғары.

Егер үйде жалпыүйлік есептеу құралы болса, жылу мен ыстық суға тұрақты төлем болмайды. Тариф сыртқы ауа температурасы мен нақты тұтыну мөлшеріне байланысты.

- Егер өткен жылдың түбіртектерін қарап шықсаңыз, жылу маусымында төлемнің ай сайын өзгеріп отыратынын байқайсыз, – деп мәлімдеді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС өкілдері.

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚЫМБАТТАУЫ

Еске салайық, 24 қаңтарда Қазақстанда коммуналдық қызметтер тағы қымбаттайтыны белгілі болды. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов үкіметте өткен брифингте Қазақстанда электр энергиясына тарифтері "ақылға қонымды шекте" қымбаттайнын мәлім етті. 

Серіктес жаңалықтары