Синоптиктер 11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, кейде аздаған қар күтіледі. Түнде және таңертең тұман жел оңтүстік-батыс секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде -16-18°C, күндіз -4-6°C аяз.
Алматыда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ бар. Шығыстан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -10-12°C аяз, күндіз 0+2°C жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -2-4°C, күндіз 0+2°C жылы.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде -12-17°C, облыстың шығысында, оңтүстігінде -20-25°C аяз, күндіз -5-10°C, облыстың шығысында, оңтүстігінде -15°C аяз. Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде ауа температурасы -8-13°C, облыстың батысында, оңтүстігінде -16-21°C аяз, күндіз -2-7°C. Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -13-18°C, облыстың батысында -10°C, күндіз -3-8°C аяз.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -6-11°C аяз, күндіз +1°C жылы. Атырауда бұлт аз, жауын-шашынсыз.
Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 11-13 ақпанда Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматыда 11 ақпанда түнде және таңертең, 12-13 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Қонаевта11-13 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-15°C , солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -18-23°C аяз, күндіз -3°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -6-11°C аяз
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың оңтүстігінде -7°C, күндіз -1-6°C аяз. Оралда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Петропавлда 11 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -8-13°C, облыстың оңтүстік-батысында -18°C, күндіз -2-7°C, облыстың оңтүстік-батысында -10°C аяз.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодарда 11 ақпанда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -7-12°C, облыстың батысында -15°C, күндіз 0-5°C аяз.
Қарағанды облысының шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Қарағанды қ.: 11 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -11-16°C, облыстың шығысында -23°C, күндіз -2-7°C, облыстың батысында -10°C аяз.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 11 ақпанда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -9-14°C, облыстың шығысында, оңтүстігінде -18°C, күндіз -2-7°C, облыстың шығысында -10°C аяз болады. Қостанайда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Ауа температурасы түнде -9-14°C, облыстың шығысында, оңтүстігінде -18°C, күндіз -2-7°C, облыстың шығысында -10°C аяз болады. Қостанайда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында түнде 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10°C, облыстың оңтүстігінде -2°C аяз, күндіз +2°C жылы, облыстың оңтүстігінде +6°C жылы. Қызылордада күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде ауа температурасы -2-7°C, облыстың солтүстік-шығысында -10°C аяз, күндіз +2°C жылы.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда 11 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -4-9°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -13-18°C аяз, күндіз 0+5°C жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -3-8°C аяз болады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -13-18°C, облыстың оңтүстігінде -9°C, орталықта, облыстың таулы аудандарында -23°C аяз, күндіз 0-5°C, шығыста, облыстың таулы аудандарында -10°C аяз, облыстың оңтүстігінде +3°C жылы. Талдықорғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -13-18°C, облыстың шығысында -21°C, күндіз -4-9°C, облыстың шығысында -12°C аяз. Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Түркістан облысының тауларында түнде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 11 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. қ. Түркістан: 11 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-5°C, облыстың солтүстігінде -10°C аяз, күндіз -1°C, облыстың солтүстігінде -5°C.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -20-25°C, облыстың шығысында -30°C, облыстың солтүстік-батысында -10-15°C аяз, күндіз -10-15°C, облыстың шығысында -18°C, облыстың солтүстік-батысында -5°C аяз. Өскеменде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.