×
510.49
527.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.49
527.29
5.27

Шымкентте экс-судья алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Шымкентте экс-судья алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Ашық дереккөзден

Шымкентте бұрынғы судья Жанат Мүсірәлі “алаяқтық” бабымен кінәлі деп танылып, сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушылар – адвокат Мұрат Жахаев, Айдар Алтаев және экс-судья Жанат Мүсірәлінің өзі.  

СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ

Сотталушы Алтаев танысының әйеліне, оның күйеуіне бас бостандығынан айырмайтын жазаны тағайындауға көмектесуге уәде берген.

Айдар Алтаевтың өтініші бойынша сотталушы Мұрат Жахаев осы сұрақпен соталушы бұрынғы судья Жанат Мүсірәліге хабарласқан. Осыдан кейін, сотталушылар Алтаев пен Жахаев және Мүсірәлініге пара беруші К.-ның сенімін пайдаланып, осы мәселені сылтау етіп, аса ірі мөлшерде К.-ның ақшасын жымқырған.

ДӘЛЕЛДЕР

Сотталушылардың кінәсі Алтаев және Жахаевтың мойындап берген және куәлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен дәлелденеді.

СОТ ШЕШІМІ

Сот сотталушылар Жахаев, Алтаев және Мүсірәліні ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (алаяқтық) кінәлі деп таныды.

Сот сотталғандардың барлығында қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде асыруында жас балаларының болуы, Жахаевтың денсаулық жағдайын, ал Алтаевтың кінәсін мойындап, шын көңілден өкініш білдіргенін және қылмысқа қатысты басқа адамды әшкерелеуге көмек көрсеткені таныды.

Сотталушы Мүсірәліге ауырлататын мән-жайлар ретінде өзі берген кәсіби антын бұзғаны танылды.

Экс-судья Жанат Мүсірәліге мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мұрат Жахаевқа адвокаттың қызметімен айналысуға 7 жыл мерзімге айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Айдар Алтаев 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Пара беру бойынша тағылған айыппен Жахаев, Алтаев пен Мүсірәліге ақталды, өйткені сотталушылар пара берушіні пара беруге азғырмады, ақшаны беруі К.-ның бастамасы бойынша болған.

Үкім заңды күшіне енбеген.