Темірлан Еңсебектің соты онлайн өтетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы “Азаттыққа” Темірланның адвокаты Жанар Балғабаева хабарлаған. Соттағылар сот отырысы не үшін онлайн өтетінін түсіндірмеген.
СОТ ҚАШАН ӨТЕДІ
Еске салайық, Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еркебекке қарсы іс бойынша негізгі сот талқылауы 14 ақпанға белгіленген болатын.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары 31 қаңтарда аяқталған. "Азаттық" радиосына оның адвокаты Жанар Балғабаева осылай хабарлаған.
Біз өзіміз таңғалып отырмыз. Тіпті сот кеңсесі де таңғалғанын жасырмайды. Прокурорлар мен тергеушілер асығыс. 3 ақпанда мен арыз жібергенмін, оны қарау мерзімі үш күн еді. Бірақ мен жібергеннен кейін бірнеше минуттан соң [өтінішті қанағаттандырудан] бас тартатын хабарлама келді. 10 минуттан кейін іс прокурорға кетіп, бірнеше күннен кейін сотқа кетті. Барлық мерзім сақталып отырған жоқ немесе ең төменгі деңгейге жетуге тырысады. Барлық мерзім өте тез өтті, - дейді Жанар Балғабаева.
Бұған дейін Алматы полиция департаменті QazNews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қарсы қылмыстық іс оның сатиралық жарияланымдарымен байланысты емес деп мәлімдеген болатын.
ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕК НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті полиция 17 қаңтарда үйіне тінту жүргізгеннен кейін ұстап әкеткен. 18 қаңтарда Еңсебек екі айға қамауға алынды. Оған «ұлтаралық алауыздық қоздырды» деген айып тағып отыр. Полиция қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздықты қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материалды жариялау болған. «Йоу, орыстар» әнін Еңсебек паблигіндегі бір постқа пайдаланғаны хабарланады.
Еңсебек күдікті деп танылған баптың санкциясында айыппұл, бостандығын шектеу немесе екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаеваның айтуынша, оның қорғауындағы сатиралық паблик авторына қарсы іс қозғап, тергеу бастауға әлеуметтік желіні бақылайтын полиция қызметкерінің рапорты негіз болған.