Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан Ulysmedia.kz тілшісі не себепті агросекторға, ауыл шаруашылығына миллиардтап қаражат бөлінгенімен, нәтиже аз екенін сұрап көрді.
СУБСИДИЯ ҚАЛАЙ БЕРЕ МЕ
Жақында ресми есепте ауыл шаруашылығының табысы жалпы ішкі өнімнің 5 пайызын ғана құрап отырғаны айтылды. Бірақ бір ғана субсидияларға бес жылда 2 трлн теңге кеткен. Миллиардтап қаржы бөлу бар, өнімділік аз. Қазақстанның агробизнесі бюджеттің масылына айналып кеткен жоқ па? Сіз мысалы, өнімділікті ынталандыратын тың амал-әдіс ұсына аласыз ба? Әлде қазіргідей жүйе қалай бере ме? – деп сұралды министрден.
САПАРОВ НЕ ДЕЙДІ
Министрідң айтуынша, субсидияға жылына 450 млрд теңге бөлінеді. Қосымша нақтылау болса, 500-600 млрд теңгеге барады.
Сондықтан, әрине жүйені біз түзеп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, неше түрлі қылмыстық істер ашылып жатыр. Оны жалғыз антиор емес, өзіміз де сол жаққа беріп жатырмыз. Өйткені субсидия автоматты түрде таратылады. Оның ішінде неше түрлі жағдайлар болады, – дейді ол.
Сапаров салада жалпы жағдай түзеліп жатыр деп санайды. Жақында жоғары аудиторлық палатаның өз жұмысына қатысты шешімі шыққанын атап өтеді.
Мәжілісте де қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқанмын. Копператив жағында кейбір субсидиялар бар. Атышулы, неше түрлі атақты істер шығып жатыр. Ауылдың малдарын қосып, субсидия қаражаты жетпеген жағдайлары бар. Мал шаруашылығымен айналысатындар бойынша қазір субсидиядан кету бағытында жұмыс тобын аштық. Ауыстыруға дайындап жатырмыз. Дайын етті ет комбинатына өткізу бойынша субсидия ауысады. Оларды қолдау үшін жеңілдетілген 5 пайыздық несие беріледі. Осыған қағаз-құжаттарды дайындап, енгізбекпіз. Мұны бақылауға алып, ұстамасақ болмайды, – дейді ол.
СУБСИДИЯ ЖАЙЛЫ
5 жыл ішінде субсидиялауға бюджеттен шамамен 2 трлн теңге бөлінген. Алайда бірқатар жүйелі проблемалар олардың әсерін шектеп отыр.
Смайыловтың мәліметінше, 5 жыл ішінде субсидиялауға бюджеттен шамамен 2 трлн теңге бөлінген. Алайда бірқатар жүйелі проблемалар олардың әсерін шектеп отыр дейді ол. Сөзінше, жалпы аудит нәтижелері бойынша 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған. Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 млрд теңгені құраған. Бюджетке 2 млрд теңге өтеліп, қалпына келтірілген. 4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.