Ақтау тұрғындары 12 ақпанда халыққа қызмет көрсету орталығының маңына көптеп жиналған полиция мен медицина қызметкерлерін байқады. Жергілікті полиция департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Lada.kz мәліметінше, оқиға 12 ақпанда, Ақтаудың 15-шағын ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болған.
КҮДІКТІ РЮКЗАК
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, түскі уақыттан кейін ХҚКО ғимаратында күдікті рюкзак қалдырылғаны туралы хабарлама түскен. Қауіпсіздік шаралары аясында ғимараттағы адамдар эвакуацияланды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, рюкзактың ішін тексерді, алайда қауіпті ештеңе табылған жоқ.