Атырау облысындағы жеке балабақша тәрбиешісі бес жасар баланы ұрғаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАЛАНЫҢ ЖАРАҚАТЫ
Оқиға салдарынан баланың оң жақ жамбасында гематома пайда болған.
КІНӘСІН МОЙЫНДАДЫ
Сот отырысы барысында тәрбиеші өз кінәсін мойындап, зардап шеккен тараптан кешірім сұрады. Өз кезегінде жәбірленуші тарап оған жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
СОТ ҮКІМІ
Сот тәрбиешіні кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау және оған қатігездік көрсету бойынша кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 80 АЕК (314 560 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оған бір жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
БҰҒАН ДЕЙІН
15 қаңтарда әлеуметтік желіде Атыраудағы “Зейнеп Әмина” балабақшасында болған оқиғаның видеосы тарады. Роликте тәрбиеші баланы ұрып жібергені көрсетіледі.