Украина мен Еуропа елдерінің мүдделерінің сақталуына кепілдік беретін бейбіт келісім қажеттігі мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Германия, Франция, Польша, Ұлыбритания, Испания, Италия сыртқы істер министрлері, сондай-ақ ЕО сыртқы саяси қызметі мен Еуропалық комиссия бірлескен мәлімдеме жасады. Олар Украина мен Еуропа кез келген келіссөздердің бір бөлігі болуы керектігін атап өтті.
Украинадағы әділ және ұзақ мерзімді бейбітшілік – бұл сенімді трансатлантикалық қауіпсіздік үшін қажетті шарт, - делінген құжатта.
Еуропалық дипломаттар "америкалық одақтастармен" одан әрі әрекет ету туралы келіссөздерді қуана күтетінін атап өтеді. Сонымен бірге, жалпы мақсат "Украинаны мықты позицияға көшіру" болуы керек, дейді мәлімдеме авторлары.
Сыртқы істер министрлері мәлімдемеге қол қойған Еуропа елдері де Украинаны қолдауды күшейтуге дайын екенін білдіріп, бұл елге қауіпсіздік кепілдігін беру қажет деп санайды. "Біз Украинаны қолдауды күшейтуге дайынбыз. Оның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын Ресейдің агрессивті соғысы жағдайында қолдаймыз" деп атап өтті олар.
ТРАМП ПУТИНМЕН КЕЗДЕСЕДІ
Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін АҚШ президенті Дональд Владимир Путинмен Сауд Арабиясында кездесетінін айтқан. Дональд Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде Украинадағы соғысты аяқтауға ниетті екенін бірнеше рет атап өткен.
ЗЕЛЕНСКИЙМЕН ДЕ СӨЙЛЕСКЕН
Президент Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Украина президентінің кеңсесі хабарлады. Украина президентінің кеңесшісі Дмитрий Литвиннің айтуынша, Зеленский мен Трамптың әңгімесі шамамен бір сағатқа созылған.