×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Тоқаев кеңесшісін ауыстырды: Ақшолақовтың орнына Мырзағалиев келді

Тоқаев кеңесшісін ауыстырды: Ақшолақовтың орнына Мырзағалиев келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісін ауыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШОЛАҚОВ КЕТТІ

- Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Ақшолақов 1971 жылы 9 сәуірде Гурьев қаласында (Атырау) дүниеге келген.Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, есеп және экономикалық кибернетика факультетін, мұнай-газ өнеркәсібінің білім беру орталығын бітірген. Мамандығы — «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бағалау», «Мұнай өндіру экономикасы».

Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі болып бастаған. Ол түрлі қызмет атқарған. Соның ішінде кейінгі жылдары:

  • 2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
  • 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ҚР энергетика министрі болып тағайындалды.
  • 2023 жылғы 4 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

МЫРЗАҒАЛИЕВ

Ақшолақовтың орнына Мағзұм Мырзағалиев келді. 

- Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорданың хабарламасында. 

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған. Білімі: «Тұран» университеті (1999) Экономист. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясы (2003) Халықаралық қатынастар саласындағы маман. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (2010) мұнай-газ кен орнын өндіру. 

2001-2004 жылдары – «MI Drilling Fluids International» (Schlumberger) Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітіндісі жөніндегі инженер, АҚШ және Малайзияда тағылымдамадан өтіп бастаған. 

КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

2013 – 2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

2014 –2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі

2019 жылдың 17 маусымынан бастап мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

2021 жылы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.

2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.

2022 жылдың 13 қаңтарынан 2022 жылғы 14 сәуірге дейін ҚР Президентінің кеңесшісі.

2022 жылдың сәуірінен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы

Серіктес жаңалықтары