×
501.31
520.11
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.31
520.11
5.33

Қарызын қайтармағаны үшін ұрып-соғып, пышақтап кеткен

Бүгін, 21:05
Қарызын қайтармағаны үшін ұрып-соғып, пышақтап кеткен
Видеодан скриншот

Шымкентте жас жігітті бір топ адам лифт ішінде аяусыз ұрып-соғып, пышақтаған. Оқиғаға жәбірленушінің қарызын уақытында қайтара алмауы себеп болған. Бұзақылар оны тепкілеп, басынан ауыр жарақат салып, жамбасына пышақ сұғып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын желідегі парақшасында жариялады.

Зардап шегуші он күн ауруханада жатып, жақында ғана үйіне шыққан. Ол полицияға арыз түсіргенімен, күдіктілер әлі қамауға алынбаған. Шымкент қаласының Полиция департаменті күдіктілерді іздестіріп жатқанын хабарлаған, алайда тергеу процесі баяу жүріп жатыр дейді журналист.

«Алмас Кішкенбаевты "әпшу берші" дегені үшін 15 тәулікке қамайды, бейбіт пикетке шыққандарды қудалайды, ал адамды ұрып-соғып, пышақтап кеткендерді бостандықта қалдырады. Біздің заңдардың логикасын кейде түсіну қиын», – деді Диас Нұрақын.

Тағы бір назар аударарлық жайт – қылмыстық іс «бұзақылық» бабымен емес, «өзінше билік ету» бабымен қозғалған. Бұл қоғамда резонанс тудырып отыр.