Бейсенбі күнгі сауда нәтижелері бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 497,95 теңгеге дейін нығайды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,88 теңгеге төмен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, теңгенің нығаюы жоғары сауда көлемі аясында жүріп жатыр. Бейсенбі күнгі жалпы сауда көлемі 311,7 млн доллар болды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 22,3 млн долларға аз.
ТЕҢГЕ НЕЛІКТЕН НЫҒАЙДЫ
Қаржыгерлер ұлттық валютаның нығаюына бірнеше негізгі фактор ықпал еткенін атап өтті: