×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

Еуроодақ Қазақстанда сөз бостандығын қолдауды жалғастырады - елшінің орынбасары

15.02.2025, 09:56
Еуроодақ Қазақстанда сөз бостандығын қолдауды жалғастырады - елшінің орынбасары
Ашық дереккөздерден алынды

ҚР-дағы Еуропалық одақ елшісінің орынбасары Мадалинский Қазақстанның тәуелсіз журналистикасын қолдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дипломат Астанада өткен конференцияда осындай мәлімдеме жасады. Мадалинский соңғы онжылдықта Қазақстанның медиа саласы бүкіл әлемдегі сияқты көп өзгеріске ұшырағанын атап өтті және USAID жұмысын тоқтатқанына қарамастан Еуропалық одақ Қазақстанда сөз бостандығын қолдауды жалғастыратынын жеткізді.

Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Ештеңе өзгермейді деп үміттенемін. Әрине, қазір серіктестермен одан да жақсы жұмыс істеу үшін мүмкіндіктер табу керек, - деді ол Atameken Business телеарнасына.

Бұған дейін Ақ үй USAID-ті "Аль-Каида"содырлары үшін рациондарды қаржыландырды деп айыптаған. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму агенттігінің (USAID) басшылығында өзгерістер болатынын хабарлаған.