×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Қазақтар жаппай алтын сатып алып жатыр

15.02.2025, 14:02
Қазақтар жаппай алтын сатып алып жатыр
ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай алтын бағасының қымбаттауымен байланысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы дерек бойынша, 2024 жылы Ұлттық банк банктер мен кейбір айырбастау орындарына 47 мыңға жуық алтын құйма (салмағы 1,7 тонна) сатқан. Бұл былтырғымен салыстырғанда 22 пайызға көп.

Ал қарапайым халық 71 мыңнан астам алтын құйма (2,5 тонна) сатып алған, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 83 пайызға артқан.

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған ең өтімді алтын түрі — 10 грамдық құйма (барлық сатылымның 25 пайызы). Одан кейін 5 граммдық және 100 граммдық (әрқайсысы 22 пайыз). Салмағы жеңіл құймаларды сақтау да, қайта сату да оңай болғандықтан адамдар оны көбірек алады.

Алтын құймаларды Halyk Bank, «Еуразиялық банк», Jusan Bank, «Банк ЦентрКредит» қатарлы банктер мен кейбір ақша айырбастау пункттерінен алуға болады.

Сарапшылардың айтуынша, алтын бағасының қымбаттауы (унциясы шамамен 2800 АҚШ доллары, жыл басынан 39 пайызға өскен) адамдарды құйма сатып алуға ынталандырып отыр.