×
497.89
520.89
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
520.89
5.47

Сарапшылар тобын құрып, бюджет қайда кетіп жатқанын зерттеу керек – қаржыгер

15.02.2025, 17:07
Сарапшылар тобын құрып, бюджет қайда кетіп жатқанын зерттеу керек – қаржыгер
Ulysmedia коллажы

Тоқаев "көрпеге қарап көсіліңдер" деп жатқан 4,5 млрд теңгеге "Астана" халықаралық форумын өткізіп, жаңа ғимараттарды салу деген бір қарағанда ақылға қонбайтын сыңайлы. Бұл жайлы не ойлайтынын Ulysmedia.kz тілшісі белгілі экономист Расул Рысмамбетовтен сұрап көрді.

Бұл жақсы сұрақ. Форум өткізудегі мақсат – меніңше, инвесторларды тартып, оларға соңғы 2-3 жыл ішінде жақсы келе жатқанымызды көрсету секілді. Бірақ бізге қонақтардың тізіміне бір қарап қою керек.

Жаңа ғимараттарға келер болсақ, мен қорғаныс министрлігі мен ІІМ-ді ренжіткім келмейді, бірақ ғимаратты дұрыстап жөндеу кейде жаңа құрылысқа қарағанда жақсы. Содан кейін егер бізде мемлекеттік аппарат штаты өсіп бара жатса, оларға жаңа ғимарат қажет болса, бір нәрсені түсіну керек, яғни біреу бір шаруаны тындыра алмай жатқан сыңайлы, - дейді қаржыгер.

Қаржыгердің осы мәселені шешу үшін бірнеше жыл ішінде ел бюджетін зерттейтін арнайы топ құру туралы ұсынысын айтады.

Ең бастысы, бұл популизм деп аталмайды. Топты жинап, Қазақстанның барлық бюджетін ашық қолжетімділікке салу қажет. Біз көп нәрсені қысқартуға болатынын көрер едік, – деді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz порталының YouTube арнасынан көре аласыздар.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕП ЕСКЕРТТІ

Өткен айда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев үкіметке бюджет қаражатын үнемдеп, тек өзекті мәселелерге жұмсауға тапсырма берген еді. Мемлекет басшысы “үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет” деген. Білікті мемлекеттік қызметкерлер ел экономикасын тұралап қалудан сақтауы керек екенін атап өтіп, қазір күрделі кезеңде мемлекеттік аппараттың тиімділігі алғы шарттың бірі екенін мәлім еткен.