×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Қамаудағы бір жыл: қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай бостандыққа шықты

16.02.2025, 09:06
Қамаудағы бір жыл: қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай бостандыққа шықты
vlast.kz

Қазақстанда қамауға алынған Қарақалпақстан құқық қорғаушысы Ақылбек Мұратбай Ташкенттің өтініші бойынша 12 айдан кейін тергеу изоляторынан босап шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Түрмеден шыққан соң бейнеүндеу жолдаған Ақылбек Мұратбай өзіне қолдау көрсеткен Қарақалпақ диаспорасына, журналистерге, құқық қорғаушыларға және басқа да бейжай қалмаған азаматтарға алғыс білдірді.

Мені қолдап, мен үшін алаңдаған баршаңызға алғыс айтамын. Түрмеде отырған кезең мен үшін де, менің отбасым үшін оңай болған жоқ. Ең әуелі менің амандығымды тілеп, әр күнін уайыммен өткізген қайсар әрі әдемі әйеліме, әпкелеріме, анам мен әкеме алғыс айтамын, – деді ол

Мұратбай Өзбекстан билігін қарақалпақтармен ашық және тең құқылы диалог бастауға шақырды. Ол журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов пен Қарақалпақстанның басқа да саяси тұтқындары босатылуы керек деп мәлімдеді.

Біз өз құқықтарымыз бен бостандықтарымызды қорғауды жалғастырамыз: сөз еркіндігі, бейбіт жиындар өткізу құқығы, қарақалпақ тілінде сөйлеу және оны мемлекеттік, жекеменшік мекемелерде қолдану құқығы, қарақалпақтардың тарихы мен мәдениетін сақтау, оны келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру құқығы, – деді Ақылбек Мұратбай.

Мұратбай – Өзбекстан азаматы. 2010 жылдан бері Қазақстанда тұрады, қамауға алынғанға дейін Қарақалпақстандағы оқиғаларды белсенді түрде жариялап келген.