×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Украинадағы соғыс: Ақ үй Ресеймен алғашқы келіссөзге кімді жібереді

16.02.2025, 10:40
Украинадағы соғыс: Ақ үй Ресеймен алғашқы келіссөзге кімді жібереді
CNN

Таяу күндері Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясының өкілдері Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Reuters-ке сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ пен Ресей шенеуніктері жақын күндері Сауд Арабиясында кездесіп, Мәскеудің Украинаға қарсы үш жылға созылған соғысын тоқтатуға бағытталған келіссөздерді бастайды. Бұл туралы Reuters басылымы дереккөзге сілтеме жасай отырып жазды.

Басылымның хабарлауынша, келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц және Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофф барады. Олардың Ресей тарапынан кімдермен кездесетіні әзірге белгісіз.

МАҚСАТЫ

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Майкл Маккол Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясында бұл келіссөздердің мақсаты АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленский арасында қақтығысты тоқтатып, бейбітшілік орнатуға бағытталған кездесу ұйымдастыру екенін айтты.

Ала тараған ақпарат бойынша Зеленский Эр-Риядтағы келіссөздерге әлі шақырылмаған. Украина президенті Киев стратегиялық серіктестерімен алдын ала кеңесіп алмай Ресеймен диалог жүргізбейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Украина президенті қақтығысты тоқтата тұруға қарсы болып, мәселені нақты шешпей атысты тоқтату тиімсіз екенін атап өткен. Зеленский АҚШ Украинаны НАТО құрамынан көрмегенін, бірақ Солтүстікатлантикалық альянсқа өзінің жауынгерлік қабілеті мен табандылығын көрсеткен украиналық әскер қажет екенін айтты.