2025 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда пойыз билеттері 7%-ға қымбаттайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚЫМБАТТАУ
Тарифтің өсуі барлық әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағыттарға, сондай-ақ бірқатар қала маңына қатынайтын пойыздарына әсер етеді.
ТҮСІНІКТЕМЕ
“Жолаушылар тасымалы” АҚ ресми түсініктеме берді. Компания өкілдері бағаның көтерілуі “Теміржол көлігі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіліп отырғанын мәлімдеді.
- 2025 жылдың 1 наурызынан бастап барлық әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарының тарифі 7%-ға көтеріледі. Бұл өзгеріс тасымалдаушы шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады, делінген компания хабарламасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы жаңа пәтерлер 2022 жылдың күзінен бері күрт қымбаттап кеткенін жазған едік.
Ресми статистикаға сәйкес, 2024 жылдың қаңтарында бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.
- Бұл 2022 жылдың қарашасынан бергі ең үлкен айлық өсім. Қайта сату нарығында бағаның өсуі біршама қалыпты – 1,4% м/м. Ал жалға беру бағасы, желтоқсанда 6,1%-ға өскен. Қаңтарда да баға көтерілді, бірақ қарқын сәл баяу – 3,4%”, деп жазады Бірінші кредиттік бюро сарапшылары.