Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер алғаш рет ұлыбританиялық әскерді Украинаға жіберуге дайын екенін айтты. Бұл туралы саясаткер The Telegraph газетінде 16 ақпанда жарияланған мақаласында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛДІГІ
Стармердің айтуынша, Лондон Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз етуде көшбасшы рөл атқаруға әзір.
- Бұл біздің украин әскери күштеріне одан әрі қолдау көрсетеміз деген сөз. Ұлыбритания бұған 2030 жылға дейін жыл сайын кемінде үш миллиард фунт стерлинг бөлуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, біз Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру үшін қажет болған жағдайда өз әскерлерімізді жіберуге де дайынбыз. Мен мұны жайдан жай айтып отырған жоқпын. Ұлыбритания әскері үшін бұл үлкен қауіп екенін түсінемін. Бірақ Украина қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Еуропа мен Ұлыбританияның қауіпсіздігі үшін маңызды, деді британ үкімет басшысы.
Сондай-ақ, ол Украина тағдыры бүкіл Еуропаның болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті.
- Егер біз болашақта Путиннің агрессиясын тоқтатқымыз келсе, Украина егемендігін ұзақ мерзімге қорғау үшін берік бейбітшілік орнатуымыз керек, деді ол.
АҚШ РӨЛІ
Стармердің айтуынша, Еуропаны Ресей агрессиясынан нақты қорғау үшін АҚШ шешуші рөл атқармақ. Осыған байланысты ол алдағы күндері АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 17 ақпанда Парижде өтетін Украина бойынша шұғыл саммитте бұл мәселені көтеретінін мәлімдеді.
- Мен Парижге Еуропадағы одақтастарымызға нақты хабарламамен барамын: біз өз қауіпсіздігімізге байыпты қарайтынымызды дәлелдеуіміз керек. Біз бұл туралы ұзақ уақыт бойы айттық, бірақ енді нақты қадамдар жасауымыз қажет. Президент Трамптың бұл мәселе бойынша талаптары орынды, деді Ұлыбритания премьері.
НАТО
Стармер НАТО-ға мүше еуропалық елдерді қорғанысқа бөлінетін қаржыны көбейтуге және Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды. Оның ішінде:
Сондай-ақ, Стармер Украинаның НАТО-ға қосылуын қолдайтынын айтты.