×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Ресми: Ресей АҚШ өкілдерімен Эр-Риядта кездесетінін растады

Ресми: Ресей АҚШ өкілдерімен Эр-Риядта кездесетінін растады
Ulysmedia.kz коллажы

Кремль 18 ақпанда Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының кездесуі өтетінін ресми түрде растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПЕСКОВ НЕ ДЕЙДІ

РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәліметінше, Владимир Путиннің тапсырмасымен Сауд Арабиясына сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің көмекшісі Юрий Ушаков аттанды. Бұл туралы «Вы слушали маяк» Telegram-арнасы жазды. 

Песковтың айтуынша, келіссөздер Ресей мен АҚШ арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды қайта қарастыруға, сондай-ақ Украина мәселесі бойынша өтуі мүмкін келіссөздерге дайындық жұмыстарына бағытталған. Сонымен қатар, екі ел президенттерінің келесі кездесуін ұйымдастыру мәселесі талқыланады.

ПУТИННІҢ АЙНАЛАСЫНДАҒЫЛАР

Келіссөздерге Путиннің айналасындағы адамдар қатысады. Reuters агенттігінің мәліметінше, Эр-Риядтағы кездесуге Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев те қатысады. Bloomberg Дмитриев пен Ушаковты Путиннің Украина бойынша келіссөз жүргізу тобының мүшелері деп атады.

Бұдан бөлек, келіссөздерге Ресейдің сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин де қосылуы мүмкін.

NBC арнасы екі америкалық шенеуніктің дереккөзіне сілтеме жасап, Вашингтонның алдымен Мәскеу және Киев өкілдерімен жеке кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын, содан кейін ғана ортақ келіссөздерге көшетінін хабарлады.

АҚШ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ

16 ақпанда «Коммерсант» газеті 18 ақпанда Эр-Риядта АҚШ пен Ресейдің жоғары деңгейдегі өкілдері кездесуі мүмкін екенін алғашқылардың бірі болып хабарлады.

АҚШ атынан келіссөздерге:

  • Мемлекеттік хатшы Марко Рубио
  • Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолтц
  • Арнайы өкіл Стив Уиткофф қатысады.

Оларды АҚШ-тың келіссөз жүргізетін негізгі өкілдері ретінде Дональд Трамптың өзі таңдаған.