×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ulysmedia тілшісін іс-шараға кіргізбей қойды

17.02.2025, 15:38
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ulysmedia тілшісін іс-шараға кіргізбей қойды
Ulysmedia

Агенттіктің баспасөз қызметі бұл жайттың себебін түсіндірген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасын бастайтын іс-шара өткізілетіні турасында аңдатпа өткен аптаның жұмасында берілген. Порталдың үйлестірушісі аккредитацияға өтінішті сол күні берген еді. Алайда агенттіктің баспасөз қызметі аккредитацияны қабылдағаны немесе қабылдмағаны турасында жауап бермеді. Бүгін портал тілшісі агенттік ғимаратына барғанымен, іс-шараға кіре алмады.

Бүгін мемлекеттік қызмет істері агенттігінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен сайланған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің,ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылған. Іс-шараға Президент әкімшілігінің лауазымды адамдары, Аманат партиясының және еліміздің өзге де саяси партияларының өкілдері, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары, сондай-ақ өңірлерден аудан және ауыл әкімдері онлайн қатысқан.