×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Шерзатты өлтірді деген күдіктілерден ұялы телефон, Алиса құрылғысы тәркіленді

17.02.2025, 17:17
Шерзатты өлтірді деген күдіктілерден ұялы телефон, Алиса құрылғысы тәркіленді
Ulysmedia коллажы

Бұл туралы былтыр Талғарда кісі қолынан кеткен Шерзат Полаттың адвокаттары хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

АДВОКАТТАР НЕ ДЕЙДІ

Шерзат Полат тарапының адвокаттары жәбірленушілердің өкілі ретінде уақытша изолятордағы стандарттардың сақталмағанына алаңдап отыр. Сол үшін кеше адвокаттар құқық қорғау органдарына сұрау жіберген. Бүгін алған жауаптарына байланысты ақпарат берді. Видео Еңбекші қазақ ауданындағы уақытша изоляторда түсірілген.

Адвокат Ерлан Адаев видеоны көргеннен кейін ішкі істер министрлігіне сұрау салғандарын айтады. Қызметтік тексеріс жүргізілгенін немесе жүргізілмегенін білу үшін қызметтік тексеріс қандай сатыда екенін, уақытша оқшаулағыштағы күдіктілер ұстаған құралдар тәркіленді ме, жоқ па, қылмыстық іс аталған видеодан кейін қозғалды ма, жоқ па – барлығы бойынша ақпарат сұратқан.

Еңбекші қазақ ауданындағы лауазымды тұлғаларға қатысты Еңбекші қазақ ауданында қызметтік тексеріс аяқталды. Қорытынды Алматы облысының полиция департаментіне жіберілді. Іске қатысты лауазымды тұлғалардың бәрі де анықталды. Олар тәртіптік комиссия шешімімен жазаға тартылады. Тергеу изоляторында қолданылған заңсыз заттардың бәрі – мобильді телефон, Яндекс-колонка тәркіленіп, қызметтік тергеу материалдарына тіркелді. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді, – дейді ол.

ТАРАҒАН ВИДЕО 

Шерзаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде мәз-мейрам болып, туған күндерін тойлап отырған бейнежазба кеше тараған еді. Бейнежазба Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында 8-9 ақпанда түсірілген.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды. Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.