×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Қаржаубай Нұрымовтың үй мәселесі әлі шешілмеген – ол анасының үйінде тұрып жатыр

17.02.2025, 17:31
Қаржаубай Нұрымовтың үй мәселесі әлі шешілмеген – ол анасының үйінде тұрып жатыр
ашық дереккөзден

Адвокат Саида Тәуекел Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың баспана мәселесі жайлы сұраққа жауап берді, деп жазады Ulysmedia.kz.

ЕШТЕҢЕ ӨЗГЕРГЕН ЖОҚ

Қазір ештеңе өзгерген жоқ. Үй әлі жоқ. Қаржаубай қазір анасының үйінде, өзінің жанұясымен бірге. Психолог, терапевттердің қарауында. Сотқа дайындалып, үлкен жұмыс істеп жатыр, – деді Саида Тәуекел.

Оның айтуынша, Қаржаубайдың үйінің өртелгені бойынша қозғалған істің тағы бір сараптамасының қорытындысы шықпаған. Қаржаубайдың адвокаттары сонымен қатар оның үстінен қозғалған іс бойынша әзірге ақпарат бере алмайтынын айтты. Оның бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевтың (өз-өзіне қол салған) ісі бойынша да тың ештеңе айтқан жоқ.

Қаржаубай Нұрымовқа меценаттардың қолдауымен баспана алынып жатқаны бұған дейін хабарланған Нұрымов бұдан хабардар. Алайда баспана мәселесін өз күшіммен де шешуге қауқарлымын деген еді.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда былтыр 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды. 12 желтоқсанда Нұрымовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 желтоқсан күні кешке адвокаттар Қаржаубай Нұрымовты отбасымен уақыт өткізіп, демалғысы келетінін айтып, уақытша ұстау абақтысынан алып кеткен.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

Былтыр 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.