Қазақстанда АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсе бастады. Дүйсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 498,57 теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,53 теңгеге жоғары. Айта кетерлігі, бұған дейін теңге тоғыз сауда сессиясы қатарынан нығайып келген еді.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, доллар бағамының қайта өсуіне бірнеше фактор әсер еткен:
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі жағдай уақытша құбылыс болуы мүмкін, алайда геосаяси тұрақсыздық пен сыртқы экономикалық факторлар Қазақстан қаржы нарығына өз әсерін тигізбей қоймайды.