Қазақстандық валюта нарығында доллар бағамы сәл әлсіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 497,89 теңге болды. Бұл — алдыңғы көрсеткіштен 0,68 теңгеге төмен.
Ал айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 500 теңгеден сатып алып, 503 теңгеден сатып жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, валюта нарығындағы ауытқулар сыртқы факторларға және мұнай бағасының тұрақсыздығына байланысты болуы мүмкін.