×
500.32
545.3
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
500.32
545.3
6

"Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілер жайлы тың мәлімет шықты

"Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілер жайлы тың мәлімет шықты
Фото: eKaraganda

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілерге қатысты тың мәлімет шықты. Қаза тапқандар өзге өңірлерден келіп жұмыс істеп жүрген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ұлысмедиа тілшісі анықтаған мәлімет бойынша, жеті кеншінің біреуі Түркістаннан, екіншісі Қарағандыдан. Қалғаны Ұлытау, Сәтбаев және Жезқазған тумалары. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін кейінгі 15 жылда «Қазақмыс» кәсіпорындарында қанша қызметкер қаза тапқанын жазған едік. 

ҚАЗАҚМЫСТАҒЫ АПАТ

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапты. Артынша Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды

Сонымен қатар, “Қазақмыс” жеті кеншінің суреттерін жариялады

ШАХТАДАҒЫ АПАТ

17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.