×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Шерзаттың өліміндегі күдіктілер видеосы: 16 қызметкер жұмыстан қуылды

18.02.2025, 20:40
Шерзаттың өліміндегі күдіктілер видеосы: 16 қызметкер жұмыстан қуылды
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Талғарда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша күдіктілердің уақытша ұстау изоляторында (УҰИ) бірінің туған күнін тортпен, шаммен және музыкамен атап өтіп жатқаны түсірілген видео тараған еді. Ішкі істер министрлігі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы изоляторда тексеру жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексеру нәтижесінде видеоны бұрынғы уақытша ұстау изоляторы қызметкерінің жеке телефонына түсіргені анықталды. Ол тәртіптік ережелерді өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылып, арнайы атағынан айырылды. Сонымен қатар, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және тиісті бақылау жүргізбегені үшін 16 басшы мен қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде ҰҰИ бастығы да қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты УҰИ-дегі режимдік талаптарды сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Қосымша бейнемониторинг шаралары енгізіліп, еліміздегі осындай мекемелерде жоспардан тыс тексерулер басталды.

ТАРАҒАН ВИДЕО 

Шерзаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде мәз-мейрам болып, туған күндерін тойлап отырған бейнежазба кеше тараған еді. Бейнежазба Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында 8-9 ақпанда түсірілген. Видео Ұлысмедиа редакциясына жіберілді. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды. Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.