Қазақстанға атом стансасын салуға тура келеді. Келіссөздер, соның ішінде Росатоммен де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы, «Астана» АХҚО басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Келімбетовтың айтуынша, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті-бейтарап болуы тиіс.
«Біз Глазгода болдық, 2030 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарылуын 15% - ға азайтуымыз керек. Бұл қалай болады? Бізге күн және жел энергетикасына инвестициялар тарту қажет, бірақ бұл бізге көмірді толығымен алмастыра алмайды. Бір жерде газ қажет, және бұл жерде біз «Газпром» - мен ынтымақтасамыз, бірақ Қазақстанға атом станциясын салуға тура келеді. Біз қазірдің өзінде «Росатоммен» келіссөздер жүргізіп жатырмыз», –деді ол.
Келімбетов атап өткендей, декарбонизация — бұл тек көмірден кету ғана емес, бұл ел мұнай мен газдан пайда тапқан ескі энергетикалық модельден электр энергетикасының рөлі басқа экономикалық модельге көшу.
«Тарифтер де әртүрлі. Бүгінгі таңда тарифтің төмен екендігі түсінікті, өсім халық пен өнеркәсіп үшін жақсы жаңалық емес, соңғысы бәсекеге қабілетті бола бастайды», - дейді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Алматы облысында Үлкен ауылының маңында атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыруда. Тоқаев АЭС құрылысы бойынша «непопулярный» шешім қабылдайтынын мәлімдеді. Елде АЭС салынса электр энергиясы қазіргіден 6 есе қымбаттайды.