×
496.41
542.77
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.41
542.77
6.05

Батыс Қазақстанға түскен дрон Ресейдікі болуы мүмкін – әскери сарапшы

Батыс Қазақстанға түскен дрон Ресейдікі болуы мүмкін – әскери сарапшы
Ашық дереккөзден

18 ақпанда Бөкейорда ауданы Ұялы ауылдық округі маңынан құлаған пилотсыз ұшу аппараты Ресейдікі болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы айтты. 

- Батыс Қазақстан облысы жеріне белгісіз аппарат құлапты. Ресейлік және отандық бірқатар медиа француздық SAGEM компаниясы жасаған Crecerelle барлау дроны болуы мүмкін екенін жазды. Бірақ Crecerelle екінші суретте тұр. Бірінші суреттегі басқа дрон. Француз емес, ресейлік "Орлан 10" ға ұқсайды негізі. Ашық дерек көздерінен Crecerelle-дің бірінші суреттегіге ұқсас модификациясын таппадым. Ал "Орлан 10" оған біршама ұқсайды. Демек өткенде Ресей жеріндегі Қазақстан мұнайына арналған "Кропоткинская" мұнай айдау стансасына жасалған дрон шабуылына да сәл күмәнмен қарау керек сияқты, дейді сарапшы. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, дрон Бөкейорда ауданы Ұялы ауылдық округі маңынан табылған болатын. Оқиға орнынан түсірілген суреттерді жергілікті тұрғындар бөлісті. Кейінірек бұл ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растады, бірақ түсініктеме беруден бас тартты. Ұшатын аппараттың ұзындығы – 120 сантиметр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеді.

Бастапқыда бұл құрылғы француздық «Sagem» компаниясы жасаған «Crecerelle» барлау дронына қатты ұқсайтыны хабарланған.

Қазіргі уақытта БПЛА Қазақстанның әскери қызметкерлеріне тапсырылып, облыс орталығы – Орал қаласында сақталуда.