×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Қытайдың лобстерінен уланған: Ақтөбе облысында 9 оқушы ауруханаға түсті

20.02.2025, 10:22
Қытайдың лобстерінен уланған: Ақтөбе облысында 9 оқушы ауруханаға түсті
Ulysmedia коллажы

Тексерілгеннен кейін тоғыз оқушы үйіне қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

18 ақпанда Қобда орта мектебінің бірнеше оқушысы Қобда аудандық ауруханасына улану белгілерімен түскен. Белгілі болғандай, оқушылардың бірі мектепке оқу орнынан тыс жерден сатып алынған белгісіз өнімді әкелген. Оны тұтынған жеті бала сол сәтте өзін нашар сезінген, қалғандарына иіс тиген.

Ауруханаға жатқызылған балаларға медициналық көмек көрсетілді. Бүгін ауруханадағы барлық 9 бала үйлеріне шығарылды.  Ал белгісіз өнім сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында.

ДҮКЕНДЕРДІ ЖАППАЙ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР

Белгілі болғандай, 4-ші сыныптың оқушысы Қобдадағы дүкеннен Қытай елінде шығарылған лобстер дәнін мектепке алып келген. Балаларға бөліскен. “Яғни, балалардың улануына мектеп асханасының қатысы жоқ” дейді ресми органдар. 

Осы жағдай бойынша дүкенге жоспардан тыс тексеру басталған. Тексеру барысында өнімнің растайтын құжаттамасы, техникалық талаптарға сай таңбалары болмай шыққан. 

Қазір Ақтөбе қаласындағы 45 дүкен тексеріліп, екі өнім табылып, зертханаға тапсырылған.