×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Артында бес баласы қалды: "Қазақмыс" кенішінде қаза тапқан Олжас Нұрұлдаев жерленді

Артында бес баласы қалды: "Қазақмыс" кенішінде қаза тапқан Олжас Нұрұлдаев жерленді
Ulysmedia коллажы

"Жомарт" кенішінде қаза тапқан азамат Олжас Нұрұлдаевтың артында бес баласы қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы марқұмның туысы Серік Дүйсенұлы Ұлысмедиа тілшісіне айтты. 

Марқұмның артында төрт ұлы мен бір қызы қалды. Жары бар, анасы бар, інісі мен қарындасы бар. Алла алдынан жарылқасын. Ініміздің қазасы біз үшін орны толмас қайғы. Орны бөлек еді. Үлкен әкесінен алған тәрбиесі, жөн-жобасы бар азаматтың бірі еді. Ізімізді басып келе жатқан ініміз еді. Артынан қайырын берсін. Үкімет берген уәдесінде тұрып, балаларына жағдайын жасап берсе дейміз. Балаларының үлкені 24-те, кенжесі екіде, дейді Серік Дүйсенұлы. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін кейінгі 15 жылда «Қазақмыс» кәсіпорындарында қанша қызметкер қаза тапқанын жазған едік. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапты

Артынша Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің суреттері жарияланды.

ШАХТАДАҒЫ АПАТ

17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.