Павлодардағы мектепте масайған күзетші 6-шы сыныптың оқушысын ұрған. Жергілікті полицейлер бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Оқиға 19 ақпанда болған. Мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесінен ұрып жіберген. Салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті.
САРАПТАМА
Полиция павлодар мектептерінің бірінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
ЖАЗА
Сонымен қатар, оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін ол жауапқа тартылып, айыппұл салынды.
Сондай-ақ, полиция облыстың білім басқармасына күзетшінің жұмыс орнында осындай жағдайда болуына жол берген мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолданды.