Елімізде қазіргі уақытта АҚШ доллары 500,6 теңге деңгейінде саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 503,39 теңгеге жетті, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 4,99 теңгеге көп. Сауда көлемі де айтарлықтай өскен — 274,9 миллион доллар (+28 миллион).
ДОЛЛАР НЕГЕ ҚЫМБАТТАП ЖАТЫР
Сарапшылардың айтуынша, сәрсенбі күні шетел валютасын сатып алушылар сатушыларға қарағанда көп болды. Оған КТК-ға қатысты жағдай мен долларды тиімді бағамен алу мүмкіндігі әсер етті.
БОЛЖАМ
Қаржы қауымдастығының есебінше, алдағы үш сауда сессиясында сауда көлемі одан әрі артуы мүмкін. Себебі 25 ақпан, сейсенбіде, Қазақстанда 13 түрлі салық төлемінің мерзімі аяқталады. Олардың ішінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы, корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы (ҚҚС) және экспортталатын мұнайға салынатын рента салығы бар.