Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 502,47 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,53 теңгеге жоғары.
Қазір айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 503 теңгеге сатып алынады, 506 теңгеге сатылады.
Бұған дейін Қазақстанда доллар бағамы 495 теңгеге дейін төмендегені хабарланған болатын.