×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Трамп Украинадағы соғысқа Зеленский мен Байден кінәлі деп есептейді

Бүгін, 08:48
Трамп Украинадағы соғысқа Зеленский мен Байден кінәлі деп есептейді
Авторлық құқығы AP Photo

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысқа Ресей кінәлі деп есептемейді. Үш жылға созылған қақтығысқа жауапты адамдар ретінде ол Украина президенті Владимир Зеленский мен 46-шы америкалық көшбасшы Джо Байденді атады. Бұл туралы Трамп Fox News-ке берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

«Ресей кінәлі емес» деп айтқан сайын жалған ақпарат тарататын БАҚ-тар маған тарпа бас салады. Бірақ мені тыңдаңыз, Байден де, Зеленский де дұрыс сөздер айтқан жоқ, - деді Трамп.

Оның пікірінше, Ресейдің басып кіруіне жол бермеуге болар еді, бірақ Байден әкімшілігі мұны істей алмады.

Украинаға әлдеқайда қуатты біреу шабуыл жасады. Бұл дұрыс емес, олай істеуге болмайды әрине. Бірақ Ресейді райынан қайтаруға болар еді және соғыс болмауы керек еді, – деп қосты АҚШ президенті.

Ресей үшін Украинаны бағындыруға үш жыл уақыт жеткіліксіз болды. Бүкіл әлем халқы АҚШ-тың жаңа президенті уәдесінде тұрып, соғысты қашан тоқтатады деп демін ішке тартып күтіп отыр. Бірақ жағдай одан сайын ушыға түсті: Трамп Еуропамен арадағы қарым-қатынасты шиеленістіріп, Зеленскийді заңсыз президент деп атады және Путинмен байланысты қалпына келтіруге ыңғай танытты.

Тарих ғылымдарының кандидаты және Ulysmedia.kz сарапшысы Асылбек Бисенбаев әлемдік саясат сахнасында қандай ойындар болып жатқанын, бұл соғыстың қалай аяқталуы мүмкін екенін тарқатып, таразылауға тырысты. Ол туралы мына сілтемеден оқыңыз.