Белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев Ұлыс аптада Ресейдің Украинаға қарсы басқыншы соғысы жөнінде ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШОРАЕВ НЕ ДЕЙДІ
Арман Шораевтың айтуынша, Дональд Трамп аузына келгенін айтып отырса да, Америка қалыптасқан қоғам бар. Ол жақтағы шешім президенттің ғана емес, бүкіл қоғамның шешімі болып саналады.
Трамптың жақтастарының арасында да Украинаны қолдап отырған азаматтар, саясаткерлер орасан зор. Сондықтан бәрі дұрыс болады. Жығып береді деп ойламаймын. Америкадан бөлек, Еуроодақ бар. Олар Украинамен бірге, – дейді Арман Шораев.
Оның айтуынша, украиндар мен орыстар діні бар, тілдері де қарасаң айырмашылығы жоқ.
Біз және қырғыздар секілді нағыз бауырлар. Өздерінің туған бауырларын аямаса, бізді қайдан аясын. Сондықтан біз дайын болу керек. Сақтықта қорлық жоқ. Біз де Қарулы күштерімізді нығайтуымыз керек. Қазір цифрлық соғыс болып жатыр. Соғыс тағдырын адамдар емес, дрондар шешеді. Осыдан үш жыл бұрын Ресейдің бірқатар, тіпті Сібір жақтағы қалаларын Украинаның дрондары шабуыл жасап, күл-паршасын шығарады деп кім ойлады? Сондықтан, біз де миллиондап дрондарды жасауымыз керек. Кәсіпкерлерді тартып, мемлекеттік тапсырыспен шығару керек. Әскердің санын әлдеқайда көбейткен дұрыс. Бейбіт өмірді іздесек, соғысқа кәдімгідей дайын болуымыз керек, – дейді Арман Шораев.
УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС ПЕН ТРАМП ФАКТОРЫ
Ресейге Украинаны бағындыру үшін үш жыл жеткіліксіз болды. Әлем АҚШ-тың жаңа президенті өз уәдесін орындап, соғысты тоқтатады деп күтті. Алайда ол үміт ақталмағаны былай тұрсын, жағдай қазіргіден де ушығып кеткен сыңайлы: Трамп АҚШ-Еуропа қарым-қатынасын шиеленістірді, Зеленскийді заңсыз президент деп жариялады және Путинмен үзілген байланысты жандандыруға қадам жасады. Ulysmedia.kz сайтының сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Асылбек Бисенбаев осы соғыстың қалай басталып, қалай жалғасып жатқаны және немен аяқталуы мүмкін екенін талдап көрген еді.
Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Трамптың Путинмен кездесуінің шартын атаған.