×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардан жазылып шыққандар көп болды

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 588 адам коронавирус індетінен емделіп шықты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл тұрғыда, аймақтар бойынша, қауіпті індеттен сауығып кеткендер саны: Нұр-Сұлтан қаласы - 80, Алматы қаласы - 8, Ақмола облысы - 65, Ақтөбе облысы - 12, Алматы облысы - 9, Атырау облысы - 6, Шығыс Қазақстан облысы - 12, Жамбыл облысы - 14, Батыс Қазақстан облысы - 43, Қарағанды облысы - 115, Қостанай облысы - 11, Қызылорда облысы - 5, Павлодар облысы - 155, Солтүстік Қазақстан облысы - 45, Түркістан облысы - 8 болып отыр. Жалпы, Қазақстан бойынша тиісті дерттен жазылғандар саны, 958 277 адамға жетті.

Ал осы өткен күнде, елімізде, 354 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Осылайша елдегі аталған сырқаттар саны 986 553 адамды құрағаны байқалады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, 28 желтоқсандағы мәліметке жүгінсек, 17 361 адам коронавирус инфекциясынан (–15 290+ және 2 071 КВИ-) емделуде екенін, олардың ішінде 2 533 пациент стационарда, 14 828 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 211 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында», – дейді құзырлы министрліктен.

Өкінішке қарай, 26 желтоқсандағы ахуалды қарасақ, бұл күні ПТР-тесті оң 9 адам COVID-19 дертінен көз жұмды.

Дәл қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір де бір өңір жоқ. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы орналасқан. «Жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Серіктес жаңалықтары