×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Қытайдан коронавирустың жаңа түрі шықты: ДСМ мәлімдеме жасады

Қытайдан коронавирустың жаңа түрі шықты: ДСМ мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық ғалымдардың жарқанаттарда (HKU5) жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ЕЛДЕГІ ЖРВИ ЖАҒДАЙЫ

Қазіргі эпидемиологиялық маусымның басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 3,1 млн.жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңіне қарағанда 20%-ға аз. Осы эпидемиологиялық маусымда зертханалық расталған тұмаудың 2370 жағдайы тіркелді, бұл өткен эпидемиологиялық маусымның деңгейіне сәйкес келеді. 

Тұмауға қарсы 2,3 млн.астам адам егілді, бұл ДДҰ ҚР халқының кемінде 10%-ын егуду ұсынған кезде 11,6 пайызы. 

САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ

Аурудың алдын алу үшін келесі профилактика шараларын сақтау ұсынылады: адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу; үй-жайларды үнемі желдету; қолды тазалау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану; науқас адамдармен байланысты шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету. 

КОРОНАВИРУС

Коронавирустық инфекция бойынша елдегі жағдай да тұрақты болып қала береді.  Жыл басынан бері елде КВИ-дің 116 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 есеге төмендеді. Өлім жағдайлары жоқ. Соңғы мониторинг деректері бойынша омикрон кіші нұсқасының айналымы анықталған. 

ЖАРҚАНАТТАРДАН АНЫҚТАЛҒАН ВИРУС

Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында қытайлық ғалымдардың жарқанаттарда (HKU5) жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпарат пайда болды, бұл жануардан адамға жұғу қаупін тудырады. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының және Қытайдың ауруларды бақылау және профилактика орталығының ресми сайттарында бұл вирус туралы ресми ақпарат жоқ.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қытайдан коронавирустың жаңа түрі шыққаны туралы жазған едік. 

ЖАРҒАНАТТАН АНЫҚТАҒАН

Гуанчжоу, Қытай Ғылым академиясы, Ухань университеті және Ухань вирусология институтының зерттеушілері бұл вирусты Гонконгте мекендейтін жапон тегісмұрын жарғанаттарынан тапты.

АДАМДАР ҮШІН ҚАУПІ АЗ

Мамандардың айтуынша, HKU5-CoV-2 адам рецепторы ACE2-пен әрекеттесе алады. Алайда, ғалымдар бұл вирустың адамдар арасында таралу қаупі төмен деп бағалайды.

ӘЛІ ЗЕРТТЕЛІП ЖАТЫР

Зерттеуді коронавирус бойынша көптеген зерттеулерімен танымал вирусолог Ши Чжэнли басқарды. Мамандар жаңа штаммды әрі қарай зерттеп, оның адам үшін қаншалықты қауіпті екенін анықтау керек деп кеңес береді.