×
502.89
527.03
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.89
527.03
5.71

Павлодарда банк бөлімшесін тонаған ресейліктер болып шыққан

Павлодарда банк бөлімшесін тонаған ресейліктер болып шыққан

Павлодарда банк бөлімшесін тонаған ресейліктер болып шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға былтыр қарашада Павлодарда болған еді. Белгісіз біреулер банк пен жертөлені байланыстыратын қабырғаны тесіп кірген. Қарақшылар жалпы сомасы миллиард теңге болатын мүлікті ұрлаған. Оның ішінде ақша мен әшекейлер бар. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Бүгін Павлодар облысының полиция департаменті былтыр қарашада жасалған Павлодардағы Халық банкінің бөлімшесінде ұрлық жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстағанын хабарлады. Олар Ресей Федерациясының аумағында ұсталған. Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты қазақстандық соттың шешімі бойынша қамауға алуға санкция берілді.

ҚР ІІМ халықаралық уағдаластықтар аясында ресейлік әріптестермен бірлесіп жедел-тергеу тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.