×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Берденовтің депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Берденовтің депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тиісті мәселе мәжілістің жалпы отырысында қаралды. 

ДАУЫС БЕРУ

Өкілеттігін тоқтату туралы шешім дауыс беру арқылы қабылданды – 92 депутаттың 90-ы “қарсы емес” деп дауыс берді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Берденовке алғыс хат табыстады. 

БЕРДЕНОВ ҚАЙДА КЕТТІ

Айта кетейік, 24 ақпанда мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. 

БЕРДЕНОВ ТУРАЛЫ

Руслан Берденов Шымкент қаласының тумасы. Білімі жоғары, 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Еңбек жолын 2005 жылы "Алматы құс" ААҚ ("Сеймар" тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.

2007 жылғы ақпан-2010 жылғы шілде-Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.

2010 жылғы шілде-2012 жылғы қараша – "Eastcomtrans" ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.

2012 жылғы қараша-2018 жылғы мамыр – "Ақ ниет" ЖШС Бас директоры.

2018 жылғы қараша-2019 жылғы сәуір – "Ақ ниет" ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі.

2019 жылғы сәуір-2023 жылғы наурыз-Aq niet Group Байқау кеңесі төрағасының орынбасары.

2023 жылғы 29 наурыздан бастап – "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.