×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндердің жалақысынан 50 пайыз ұстап отыру ұсынылды

Ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндердің жалақысынан 50 пайыз ұстап отыру ұсынылды
Ашық дереккөзден

Депутат Таңсәуле Серіков ата-анасын қарттар үйіне өткізгендердің жалақысының 50 пайызын ата-анасының шотына ұстап отыруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТТЫҢ ҰСЫНЫСЫ

Депутаттың сөзінше, ресми статистикасының деректері бойынша 2023 жылдың соңында елімізде 51 қарттар мен мүгедектер үйі болған. Оның 43-і - мемлекеттік, жетеуі – жеке. Бір орталық шетелдік жеке тұлғаның меншігінде. Қарттар мен мүгедектер үйлерінің ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында 11 үй орналасқан, оның алтауы мемлекеттік және 5 үй жеке меншікте. Шымкент, Алматы, Атырау қалаларында, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында бір-бірден. Ресми мәліметтер бойынша, 2023 жылы Қазақстанның қарттар және мүгедектер үйлерінде тұратын азаматтар саны 6 824 адам. Оның 950-і Астанада, 905 адам Шығыс Қазақстанда.

- Бұл сан жыл сайын өсуде. Бұл алаңдататын дүние. Бастапқыда үй-күйі жоқ қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау негізінде құрылған мекемелер ержеткенде дем берер ұлы бар ақсақалдың, қартайғанда тілекші болар қызы бар кейуананың мекеніне айналар ма еді? Қарттар – біздің асыл қазынамыз, дейді депутат. 

ҰСЫНЫС

Серіков Қазақстан Республикасының “Неке, ерлі-зайыптылық және отбасы туралы” кодексінің “Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерінің” 145ші-бабы 1ші бөлімінде “Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті” және “Балаларынан алимент өндіріп алуға құқылы, ол сот тәртібімен алынады” делінгенін атап өтті.  

- Иә, жақсы, орынды баптар.  Бірақ бұл бап орындалып жатқан жоқ, себебі ешбір кейуана өз баласына шағым түсірмейді, ешбір ата-ана алимент өндіруге не денсаулығы не намысы жібермейді. Сол себепті бұл бап орындалмайды. 

Сондықтан біз ата анасын қарттар үйіне тапсырған, қараусыз қалдырған балалар, ата аналарының есеп-шотына тапқан жалақысының 50 пайызын мөлшерлеп міндеттеу керекпіз. Әрине, бұл қаражат ата-анаға деген құрметке тең келмейді, дегенмен материалдық өтеуі болуы керек. Сонымен қатар 70 жастан асқан қариялардың атында жылжымайтын мүлкі болса, өлер өлгенше басқа адамның атына рәсімдеуге тыйым салуымыз керек, дейді депутат.