Қырғызстанның "Кыргызтасмасы" мемлекеттік кинотеатрының директоры Талант Толобеков "Рэкетир: жаңа кезең" фильмінің кинотеатрлардан алынып тасталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Толобековтің сөзінше, фильмді жалдау куәлігін тоқтату туралы шешім «Қырғыз Республикасының аумағында балалардың денсаулығына, дене, зияткерлік, психикалық, рухани-адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы» заңының негізінде қабылданған.
- Ақпанда Қырғызстанда қайғылы оқиғалар болды. Балалардың өліміне қатысты және мектептегі “рэкеттер” туралы ақпараттар тарады. Фильмде балаларға әсер етуі мүмкін кадрлар бар. Сондықтан қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында фильмді жалдау куәлігін қайтарып алу туралы шешім шығардық, дейді Талант Толобеков kaktus.media-ға берген сұхбатында.
Әлеуметтік желіде осы фильмді түсірген кезде Қамшы Көлбаевтың ұлы Руслан кеңесші болды және фильмнің прокаттан алынып тасталуына сол себеп болды деген ақпарат тараған. Талант Толобеков Руслан Көлбаевтың бұл шешімге ешқандай қатысы жоғын айтты.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, 21 ақпанда Қазақстанның "Рэкетир: жаңа кезең" фильмі Қырғызстан кинотеатрларының бәрінен алынып тасталғаны белгілі болды. Бұл жағдайға қатысты фильм режиссері Ақан Сатаев пен басты рөлдегі актер Саят Исембаев пікір білдірген болатын.
Ақан Сатаев Қырғызстанда фильм прокаттан алынып тасталғанын растады. Желіде бұрын осы фильмді түсірген кезде Қамшы Көлбаевтың ұлы Руслан кеңесші болды деген ақпарат тараған. Актер Саян Исенбаев (фильмнің басты рөліндегі) мұны жоққа шығарды.