×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Өзбекстанда ұсталған Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары қандай қылмыс жасаған

Өзбекстанда ұсталған Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары қандай қылмыс жасаған
Ulysmedia.kz коллажы

Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстанда ұсталған Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары қандай қылмыс жасағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, іздеуде болған Тимур Сәдуақасовты Қазақстан Республикасының аумағына жеткізді. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.

МӘН-ЖАЙ

2023 жылғы шілде айында Тимур Сәдуақасов пен адвокат Құрманбаев С.Н. өздерінің қызметтік байланыстарын пайдаланып, Долгалев В.И.-дің іскерлік серіктестеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастау мәселесін шешуді ұсынған. Бұл мәселені шешу үшін Сәдуақасов пен Құрманбаевқа заңсыз сыйақы ретінде 225 млн теңге беру жөнінде келісім жасалған.

Алайда, күдіктілер параның алғашқы бөлігі – 90 млн теңгені алғаннан кейін бұл қаражатты өз пайдасына жаратқан және өз міндеттемелерін орындамаған.

Кейін Тимур Сәдуақасов қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қауіптеніп, соттан жасырынған. 

ӨЗБЕКСТАНҒА ҚАШУ

Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі тарапынан ұсталған. Соған байланысты оған қатысты шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалған. 2025 жылғы 25 ақпанда Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бақылау-өткізу пунктінде ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылып, кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі.

Бұл іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қарастырылады.