×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Наурызда 163 мыңға жуық оқушы ҰБТ тапсырады

Наурызда 163 мыңға жуық оқушы ҰБТ тапсырады
ЖИ / ulysmedia.kz

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 163 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді. ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі! және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

ПӘНДЕР

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

БҰҒАН ДЕЙІН

10 ақпанда қаңтар ҰБТ-сы аяқталды, ол тестілеуге 164 мыңға жуық қатысты. Оның ішінде талапкерлердің 76,8%- ы қазақ тілінде, 23,1%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ-да шекті балды 70,4%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65,8 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. Жалпы, 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.