×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Қазақстандықтар 20 жылдан кейін қаңғыбасқа айналуы мүмкін – сарапшы

Қазақстандықтар 20 жылдан кейін қаңғыбасқа айналуы мүмкін – сарапшы
Фото: open-kz.kz

Құрылыс ұйымдары қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан байланысына кері әсерін тигізуде. Бұл туралы Дьюк университетінің түлегі және білім беру сарапшысы Ғабит Бекахметов 101percentpodcast бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарапшының сөзінше, қазақстандықтардың арасында туысқандық қарым-қатынас қарқынды түрде алыстап барады. Ал бұл елде қаңғыбастардың көбеюіне әкелуі мүмкін.

- Әзірге қаңғыбас болып кету мүмкіндігі аз. Себебі туысқандық байланыс әлі бар, әзірге бар. Бірақ 20 жылдан кейінгі көрініс басқаша болады. Неге? Себебі қазір бұрынғыдай бала көп емес. Туысқандар да бұрынғыдай араласпайды. Бәрі пәтерлеріне тығылып алып өмір сүреді. Жиын-тойларға жиналса бір-бірін танымай жатады. Көп жиналатын орталар да жоқ болып кеткен. Бұрын ондай орталар көп еді, үйде, ата, әжесінің айналасында бәрі жиналып тұратын, дейді Ғабит Бекахметов. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін әнші Досымжан Таңатаров та туған-туыстар арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан өзгеріп кеткені жөнінде ойын айтқан болатын. 

Qazaqstan ұлттық арнасындағы “Қайырлы таң” бағдарламасына келген әнші осы турасында ойын айтқан.

Бұрын туыстарымыздың үйіне кез келген уақытта емін-еркін бара беретінбіз. Қазір беймезгіл уақытта ешкім бара алмайды. Баратын болса, міндетті түрде хабарласып, айтасың. Біздің кезде телефон жоқ еді. Үйіне барып алып, телефон жоқ болып, есік алдында күтіп отыра беретінбіз. Түннің бір уағында есігін қағып, құда-балалардың, туыстарымыздың, бір көрген кісінің үйіне барып, кіре беретінбіз. Олар жақсы қабылдайтын. Олар жоқ болса да, бар нәрсені беретін. Оған сын көзбен қарамайтынбыз. Сол кісімен бірге бұйырған нәрсені жейтінбіз. Қазір өз туысыңа “біз келе жатырмыз” деп ескертеді. Ұл-қыздарымыз қазір басқа уақытта тәрбиеленіп келе жатыр, – дейді әнші.

Оның бұл пікірін сұхбаттасқан жүргізушілер де қоштайды.