Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 27 ақпанда Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында қаланың ауасын жақсарту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАҺАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Әкімнің айтуынша, 2025-2027 жылдарға арналған бағдарлама әзірленген.
"Өндірістік шығарындыларды азайту және көлік секторын реттеу арқылы нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", - деп атап өтті Досаев.
Әлемнің ірі мегаполистерінің үлгісі бойынша Алматыда тұрақ ақысының құнын арттыру, “Low-emission zone” айқмақтарын құру жоспарланып отыр. Бұл мәселе қоғамдық кеңес пен мәслихаттың талқылауына ұсынылатын болады. Мұндай аймақтарға экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтін көліктердің кіруі ақылы болады деп болжануда. Алайда, электромобильдер мен экологиялық таза көліктердің иелеріне шектеулер қолданылмайды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше Қазақстанда қытай автомобильдеріне сұраныс артып, оларға қатысты шағымдардың саны да көбейіп жатқанын жазған едік.
2024 ЖЫЛЫТҮСКЕН ШАҒЫМДАР
2024 жылы қазақстандықтар комитетке ҚХР өндірген көліктерге 57 шағым жіберген. Бұл автомобильдерге қатысты шағымдардың жалпы санының шамамен 10%-ын құрайды.