×
501.49
525.71
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.49
525.71
5.77

«Кім бірінші келсе, сол үй алады»: Отбасы банк жұмысшы мамандар үшін жаңа бағдарлама бастайды

Бүгін, 11:46
«Кім бірінші келсе, сол үй алады»: Отбасы банк жұмысшы мамандар үшін жаңа бағдарлама бастайды
Ulysmedia коллажы

Сенатта банк төрағасы Ләззат Ибрагимова қай санаттағы жұмысшы мамандар жаңа бағдарлама бойынша үй ала алатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖАЙЛЫ

«Наурыз жұмыскер»  жаңа бағдарламасы өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды. 

Жеңіл несие жұмысшы мамандықтарда істейтін азаматтарға беріледі. Филиалға бірінші келгендер бірінші ала алады. Ол үшін жұмыс уақытынан анықтама керек. Ең біріншіден, тау-кен байыту, өнеркәсіп саласының мамандарына, энергетиктер, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары мамандықтарына несие беріледі, – деді ол.

Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр. Өтінімдер 2025 жылдың 17 наурызынан бастап қабылданады. 

БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ

Бағдарлама талаптары мынадай: азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.